Жаңалықтар

Қазақстанда кісі өлтірген 146 адамға іздеу жарияланған

Қазақстанда кісі өлтірген 146 адамға іздеу жарияланған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.09.2023 09:55 408

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

Алматы қаласы - 287;

Қарағанды облысы-221;

Павлодар облысы-170;

Алматы облысы - 167 тіркелген.

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам,

автокөлікпен жоғалған – 74,

жұмыстан кеткен-36.

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (514)

Астана қаласында (185)

Шымкент қаласында (155)

Алматы (143)

Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға