Қазақстанда кімдер паспорт пен куәлікті тегін рәсімдей алады?

 ©El.kz/Мәди Ысқақов
Фото: ©El.kz/Мәди Ысқақов

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2025 жылғы 28 тамызда кейбір қазақстандықтардың құжаттарды тегін рәсімдей алатынын еске салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Корпорация дерегінше, көпбалалы аналар – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, сондай-ақ «Батыр ана» атағын алған әйелдерге паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Сонымен қатар жеке куәлік алу кезінде мемлекеттік баж төлеуден мына санаттағы азаматтар босатылады:

  • Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
  • Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен марапатталғандар, сондай-ақ «Алтын Қыран», «Отан» ордендерінің иегерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болғандар;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, сонымен бірге КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлері;
  • 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), бірақ марапатталмаған тыл еңбеккерлері;
  • Мүгедектер және бала кезінен мүгедек азаматтың ата-анасының бірі;
  • Қарттар үйі мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қариялар;
  • Мемлекет қамқорлығындағы балалар үйлерінде және интернаттарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Чернобыль апатынан зардап шеккендер.

Оқи отырыңыз