Жаңалықтар

Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылды - министр

Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылды - министр
Фото: © Pixabay.com 12.02.2024 14:54 419

Қазақстанда 10 ақпаннан бастап киіктерді ату тоқтатылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, киіктерді ату ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған.

Отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен пікірталастар болды. Қыс мезгілі болғандықтан, киіктердің көшуі қиынға соғып тұр. 10 ақпаннан бастап біз олардың санын реттеу процесін тоқтаттық. 42 мың бас тәркіленді, - деді Нысанбаев мәжіліс кулуарында.  

Ерлан Нысанбаев өткен жылғы төлді ескере отырып, мамыр айында киіктерге санақ жүргізілетінін айтты.

Алдын ала болжам бойынша, бізде шамамен 40%-ға өсім бар деп айта аламыз. Оларды және өткен жылғы төлді қосып есептегенде шамамен 2,5-2,7 миллион басты құрайды. Пессимистік көрсеткішін 30 пайыз деп алсақ та, өсім шамамен 650-700 мың бас болады, - деп жауап берді министр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға