Жаңалықтар

Қазақстанда кальян шегуге және сатуға толық тыйым салынады

Қазақстанда кальян шегуге және сатуға толық тыйым салынады
Фото: © Pixabay.com 23.02.2024 11:07 521

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін, оның ішінде кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларын сату мен тұтынуды реттейтін нормативтік база қалыптастырылды. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың депутаттар сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық тамақтану пункттерінде темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу белгіленген (110-бабының 5-тармағы).

Ішкі істер министрлігі заңнамамен тыйым салу белгіленген орындарда («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің сондай-ақ автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда (ӘҚБтК-нің 441-1-бабы) темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салудың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген тыйымдарды орындамаумен байланысты 18 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, шамамен 700 млн теңге сомасында айыппұл салынды.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген зертханалық зерттеулер кальян сұйықтығында өкпенің қабынуын тудыратын, сонымен қатар емделуі қиын аспергилл грибогы, ашытқы, аса қауіпті бактериялардың (көгілдір таяқша, алтын түстес стафилококк) жиналатынын растайды. Қауіпті микроорганизмдермен қатар уытты химиялық заттар да зиянды әсер етеді, - делінген Тамара Дүйсенова жолдаған жауапта.

Осылайша, кальянда бір толтырғанда орта есеппен 8,32 мг никотин болады (сигаретте – 1 мг-нан аз). Анықтама. Кальян қоспалары темекі жапырағынан (никотин көзі), мелассадан (қоспаның тығыздығын және қоспаның біркелкі қызуын қамтамасыз етеді, ащыны 2 азайтады), хош иістендіргіштерден, глицериннен (түтіннің дұрыс мөлшерін қамтамасыз етеді), консерванттардан (сақтау және көгеруден қорғау үшін), сондай-ақ құрғақ шөптер мен жемістерден тұрады.

Вице-премьердің мәліметінше, хош иісті жеміс-жидек қоспалары жоғары температуралы химиялық реакциялар кезінде қант көзі бола отырып, кальянды қыздыру өкпе тінін зақымдайтын канцерогендер мен ұшпа альдегидтердің түзілуіне қатысады. Кальян шегушілерінде жоғары уыттылықтың салдарынан өкпе обырының пайда болу қаупі 2 есе артады. Кальянның орташа дозасын шеккеннен кейін несептегі никотин деңгейі 73 есе, котинин – 4 есе, өкпе мен ұйқы безінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін темекі нитрозаминдері – 2 есе артады, сонымен қатар бензол мен акролеиннің ыдырау өнімдерінің мөлшері артады.

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 1-тармағына сәйкес ағымдағы жылы реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жоспарлап отыр, оның нәтижелері бойынша кальянның, кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларының айналымына толық тыйым салуды заңнамалық енгізу мәселесі қаралатын болады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - делінген жауапта.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Қазақстанда кальянға тыйым салуды ұсынғаны жөнінде жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға