Жаңалықтар

Қазақстанда хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Қазақстанда хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey 09.02.2024 18:09 428

Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзірге бәсекелес біреу ғана – Франция.

БАҚ өкілдері халықаралық турнир елімізде төрт жылдан соң өтеді деген болжам жасап отыр. Бұл аламанды ұйымдастыруға екінші үміткер – Франция.

Қазақстан 2028 жылы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатын өткізу туралы өтініш берді. Өтініште Астана мен Алматы қалалары бар. Сонымен қатар үміткерлердің ресми тізімінде Франция тұр, - деп жазады Шайба.kz

Бұл ақпаратты Халықаралық хоккей федерациясының сайтында жарияланған құжат растайды.

Негізі еліміз бұған дейін де өтініш берген, дегенмен 2027 жылғы әлем біріншілігі Германияда өтетін болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға