Жаңалықтар

Қазақстанда француз мектептері ашылады

Қазақстанда француз мектептері ашылады
Фото: Akorda.kz 07.11.2023 13:33 535

Жақында ғана Франция президенті Эмманюэль Макрон елімізге арнайы келіп, мемлекет басшысымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде білім беру мекемелерінде француз тілінде сабақ беретін халықаралық мектептер құру туралы келісім жасалды.

Мұндай мектептер Астана және Алматы қалаларында ашылмақ.

Оқушылар француз тілін негізгі екінші тіл ретінде оқиды.

Бұл білім ордаларында қазақстандықтар ғана емес, елімізде тұратын шетелдіктер оқи алады.  

Ал мектеп аяқталған соң Франция білім министрлігі орта білім туралы диплом береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға