Жаңалықтар

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады
Фото: Әділет министрлігі 26.09.2023 00:18 360

Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палатасы және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп бейнеқоңырау арқылы «ерлі-зайыптылардың Нотариаттық келісімін Онлайн ресімдеу» қызметін енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әділет министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 25 қыркүйегінен бастап көрсетілетін қызмет «eGov Mobile» платформасында қолжетімді болады.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңашылдық ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді. Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі, - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.

Қызметті алу үшін: 1) «eGovMobile» платформасында тіркелу; 2) өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту; 3) бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу; 4) нотариустың қызмет ақысын төлеу; 5) нәтижесінде, құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға