Жаңалықтар

Қазақстанда ерлер әйелдерге қарағанда 8 жыл аз өмір сүреді

Қазақстанда ерлер әйелдерге қарағанда 8 жыл аз өмір сүреді
Фото: © Pixabay.com 29.02.2024 11:17 469

Қазақстанда орта жасқа келгенде әйелдерге қарағанда ер адамдардың саны азая бастайды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы статистика бойынша Қазақстандағы еркектердің өмірі әйелдерге қарағанда 8,1 жылға қысқа. Ерлер орта есеппен 70,3 жас, әйелдер 78,4 жасқа дейін өмір сүреді.

Зерттеушілердің айтуынша, орта жасқа келгенде ер адамдардың саны әйелдерге қарағанда азая бастайды. 56-70 жас аралығындағы егде әйелдер ерлерден 28,6%-ке көп болады. Ал 71-85 жас аралығындағы ер адамдар әйелдерге қарағанда 2 есе аз.

36-55 жас аралығында әйелдерге қарағанда ер адамдар суицид, криминал, жол апаты, өндірістік жарақаттанудан және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан көп қайтыс болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға