Жаңалықтар

Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда 4 есе көп өледі

Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда 4 есе көп өледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.11.2023 16:36 575

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Шынар Тулешова Қазақстанда ер адамдардың шамадан тыс өлім-жітімінің себептерін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақында жарияланған 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша әйелдер саны ерлерге қарағанда жарты миллионға (536 335 адамға) көп болды. Проценттік арақатынаста ерлер үлесі 48,6% (9 324 840 адам), әйелдер - 51,4% (975 адам) құрады. Осылайша, Қазақстанда 1000 әйелге 946 ер адам келеді.

Санақ нәтижелері бойынша елдегі ерлер саны 38 жасқа дейін басым болады, осы жастан бастап ерлер саны тұрақты түрде азая бастайды. Бұл сәйкессіздіктің негізгі себебі ерлер өлімінің салыстырмалы түрде жоғары деңгейі болып табылады. Қазақстанда ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы арасындағы алшақтық (КӨҰ) 2012 жылы 9,6 жастан 2022 жылы 8,1 жасқа дейін қысқарды. Осы қолайлы үрдіске қарамастан, белгілі бір аймақтарда алшақтық жалпы республикалық мәнмен салыстырғанда жоғары, - дейді сарапшы Шынар Тулешова.

2022 жылғы статистикалық деректер бойынша Шығыс Қазақстан (10,3 жас), Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай (9,3 жастан), Қарағанды (9,1 жас), Ақмола (8,8 жас) облыстарында ерлер мен әйелдердің КӨҰ арасындағы салыстырмалы жоғары алшақтық байқалады.

Өлім себептерінің негізгі кластарының арасында елдегі ерлердің шамадан тыс өлім-жітімі  «Жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан» байқалады. 2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, осы себептен ерлердің өлім-жітім коэффициенті (100 000 адамға 92,7) әйелдер өлімінен (100 000 адамға 22,8) төрт есе жоғары. Бұл ретте, осы себептен ерлердің өлім-жітім деңгейі солтүстік өңірлердегі жалпы республикалық мәннен асып түседі, - дейді маман.

Айта кетейік, ерлерге қарағанда әйелдердің ұзақ өмір сүруіне жынысын анықтайтын (әйел адамдарда – ХХ, ерлерде – ХУ) хромосоманың тікелей қатысы бар екен. Ген адамдардың өмір сүру ұзақтығына ықпал етеді.  Әйелдерде ерлерге қарағанда саны артық хромосома үлкенірек, соған сай гені де көп. Ал ерлерде Х пен У болатындықтан ген саны аз. Тіршілік үшін маңызды гендер де осыған байланысты. Сондықтан бұл ерлер үшін айтарлықтай мәселе тудырады. Себебі оларда әйелдерде бар «қосымша» Х хромосома жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға