Жаңалықтар

Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақы қай өңірлерде тіркелген

Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақы қай өңірлерде тіркелген
Фото: ҚР ЕХӘҚМ 12.05.2023 19:36 693

Елімізде ең жоғары жалақы мұнайлы өңірлерде, ал төмен жалақы оңтүстік бөлікте тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы ең көп өскен өңір – Атырау облысы: +29,4% немесе 618,4 мың теңге. Мұндай мәліметтер Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) зерттеуінде келтірілген.

Өңірде орташа жалақы мөлшері бойынша да, салыстырмалы өсім бойынша да бәсекелес жоқ, – деп түсіндірді бюро.

Жалпы, тек бес өңірде жалақы орташа республикалық көрсеткіштен жоғары: Атырау және Маңғыстау облыстарында – 509,8 мың теңге, Ұлытау облысында – 450,9 мың теңге, сондай-ақ Астанада – 432,2 мың теңге, Алматы қаласында – 390,3 мың теңге.

Ең төменгі жалақы мына өңірлерде тіркелген: Солтүстік Қазақстан – 241,1 мың теңге, Жетісу – 246,2 мың, Жамбыл – 254,6 мың, Шымкент – 254,2 мың теңге.

Бір жыл ішінде республика бойынша орташа жалақы 55,2 мың теңгеге өсті. Тағы да орташа республикалық өсімнен жоғары көрсеткіш тек 5 өңірде – Атырау, Маңғыстау (+93,6 мың), Шығыс Қазақстан (+60,3 мың) облыстарында, сондай-ақ Астана (+65,7 мың) мен Алматыда (+62,8 мың) байқалады, – делінген БКБ зерттеуінде.

Жалақының ең төмен өсуі Батыс Қазақстан (+31,2 мың), Түркістан (+31,6 мың), Қарағанды (+32,4 мың) және Жамбыл (+34,7 мың) облыстарында байқалады.

Ең «бай» Атырау облысында жалақы ең «кедей» Солтүстік Қазақстан облысындағы жалақыдан 2,5 есе жоғары. Сонымен қатар, Атырау облысындағы жалақы бүгінде орташа республикалық деңгейден 81,5% жоғары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға