Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша
Фото: ©El.kz 02.04.2024 17:15 338

Ұлттық статистика бюросы наурыз айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 48 692 теңге болғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың есебінше, қазақстандықтар азық-түлікке – 26 781 теңге, ал басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге 21 911 теңге жұмсауы керек.

Теория жүзінде бұл ақшаға бір айға жететін азық-түлік себетіне кіретін өнімдерді сатып алуға болады. Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Бұл өңірде ол – 59 404 теңгеге жеткен. Ал ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркеліп, 43 611 теңгені көрсетіп отыр.

Ал минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Астанада – 53 173 теңге, Алматыда – 51 615 теңге, Шымкентте 48 545 теңге керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға