Жаңалықтар

Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

Биыл жыл басынан бері елдің сыртқы сауда айналымы 98,4 млрд долларды құраған
Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді
Фото: pixabay.com 23.11.2022 04:12 748

Қазақстанда экспорттың рекорд көлемі тіркелді, , деп хабарлайды El.kz   
 Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 98,4 млрд доллар болды. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда (72,9 млрд) 35 пайызға артық.

Экспорттың номинал көлемі 63,8 млрд доллар болған, бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда (43,3 млрд доллар) 47,5 пайызға артық.
Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) есептеулері бойынша, Қазақстан экспортының нақты өсімі шамамен 2,8-3 пайыз. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6 пайызға, экспорттық түсім 63,4 пайызға өскен.

Елдер бойынша экспорт өсімі:
Италияға – 84 пайызға, 11,2 миллиард долларға дейін;
Қытайға – 43 пайызға, 10,3 миллиард долларға дейін;
Ресейге – 15 пайызға, 5,9 миллиард долларға дейін;
Нидерландыға – 24 пайызға, 4,1 миллиард долларға дейін;
Кореяға – 2,9 есеге, 3,6 миллиард долларға дейін;
Түркияға – 71 пайызға, 3,6 миллиард долларға дейін;
Өзбекстанға – 36 пайызға, 2,6 миллиард долларға дейін.
2022 жылдың 9 айында Қазақстан экспортының құны 63,8 млрд доллар болды. Бұл кейінгі 7 жылдағы жылдық жеткізілім көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет 2014 жылы 79,5 млрд доллар көп болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға