Жаңалықтар

Қазақстанда доллар қымбаттады

Қазақстанда доллар қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 24.05.2023 20:43 575

Елімізде доллар қайта қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы артқан.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сүйенсек, доллар бағамы 2,68 теңгеге қымбаттаған. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 444, 44 теңге.

Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441, 74 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,51 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға