Жаңалықтар

Қазақстанда биыл 100 мыңға жуық автокөлік шығарылды

Қазақстанда биыл 100 мыңға жуық автокөлік шығарылды
Фото: © El.kz Миражан/МАХАН 25.09.2023 13:25 401

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Иннопром. Қазақстан-2023» форумында Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі қарқынды дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылы салаға рекордтық 500 млн доллар тікелей инвестиция тартылған.

Биылғы бірінші тоқсанда тікелей инвестиция көлемі 4 есе артып, 208 миллион доллардан асты. Автокөлік өнеркәсібінде өткен жылы өндіріс көлемі 113 мың бірлікті құрап, 22,2 пайызға өсті. Биыл 41 пайыз өсіммен 100 мыңға жуық дана шығарылды. Құны 1 триллион теңгеден асады, - деді премьер-министр.

Айта кетейік, елордада тұңғыш рет «Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға