Жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте 4 адам суға батып кетті

Қазақстанда бір тәулікте 4 адам суға батып кетті
Фото: ©El.kz 08.07.2023 19:21 1534

Өткен тәулікте жабдықталмаған орындарда шомылу салдарынан республиканың бірқатар өңірінде 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте шомылуға жабдықталмаған орындарда 4 адам суға батып кетті, оның ішінде 2011 жылы туған бір бала Атырау облысынан. Балалардың өліміне байланысты қайғылы оқиғалардың көпшілігі жүзе алмау, белгісіз жерлерде шомылу, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға байланысты. Құрметті азаматтар жауапкершілікті сезіне отырып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз, - деп ескертті ТЖМ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға