Жаңалықтар

Қазақстанда базарлар саны азайып барады

Қазақстанда базарлар саны азайып барады
Фото: El.kz 03.04.2024 11:24 347

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 644 сауда базары тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 78-ге аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 435 сауда базары (121,5 мың сауда орны) қалалық жерде, ал 209 – ауылды жерде (38,7 мың сауда орны) орналасқан.

Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 114 бірлік, сондай-ақ Алматы және Ақтөбе облыстарында - әрқайсында 57 базардан.

Өңірлік бөліністегі ең көп сауда орны Алматы қаласында – 23 400 орын (38 базар), ал ең азы Ұлытау облысында - 528 орын (8 базар).

Айта кетейік, 298 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 346-сы жеке кәсіпкерлерге тіркелген.

Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,4 млн м2 құрайды.

Қазақстанда базарлар саны азайып барады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға