Қазақстанда балаларға арналған арнайы SIM карталар іске қосылады
Ол арқылы ата-ана баласын толық бақылауда ұстай алады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазіргі таңда түрлі нұсқалары бар, біз барлығын зерттеп жатырмыз. Негізінде, балаларға арналған «ақ интернет» мәселесі, яғни балаға қажет емес, оның дамуына кері әсерін тигізетін сайттар бұғатталуын жоспарлап отырмыз», - министр.
Ол мұндай тарифтік жоспардың ұялы байланыс операторларында сатылатынын айтты.
Мусиннің айтуынша, елімізде мобильді тарифті жоспарлар бар, дегенмен тағы да біреуі артық етпейді.
«Ата-ана бақылап отыруы үшін тарифтік жоспарға бөлек қосылуға болатын функция қарастырылады», - деп түсіндірді министр.