«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған Балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығаруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл ерекше назар аударылған басты бағыттардың бірі — балалардың құқықтық жағынан қорғалу деңгейі болды. Жинақталған деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш 90%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр.
Көрсеткіштің өсуі алдын алу және ақпараттық түсіндіру шараларының артуымен байланысты. Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан еліміздің барлық мектептерінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық диалог мәдениетін дамыту және құқықтарды қорғау жүйесіне сенімдерін нығайту мақсатында «Мен өз құқығымды білемін» ақпараттық айдары іске қосылды.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқықтарын білетінін және олар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін жақсы түсінетінін көрсеткен.
Балалар әл-ауқаты индексі Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш жыл бұрын енгізілген және елдегі бала жағдайын бағалаудың стратегиялық құралы болып табылады. Бұл құрал жағдайды ел бойынша ғана емес, өңірлік деңгейде де саралауға, сондай-ақ ұлттық деректерді халықаралық стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Индекстің әдістемесі 56 индикатор бойынша төрт бағыт бойынша жүргізіледі: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, дамуға жағдай жасау және бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жалпы өмір сүру деңгейі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысы —мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Қазақстанда балалардың құқығы 90 пайыз қорғалған
Оқи отырыңыз
30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды