Жаңалықтар

Қазақстанда азаматтық некеге тұрушылар саны өскен

Зерттеуде Қазақстанның 17 өңірі және 1200 адам қамтылған
Қазақстанда азаматтық некеге тұрушылар саны өскен
Фото: westsharm.ru 10.01.2023 19:38 1681

Соңғы жылдары Қазақстанда азаматтық некеге тұрушылар саны артып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.

ҚҚДИ жүргізген әлеуметтану зерттеулерінің нәтижелері респонденттердің «азаматтық неке» құбылысына деген көзқарастары «оң», «теріс», «бейтарап» деп аталатын үш топқа бөлінгенін көрсетті. Оң көзқараспен қарайтындардың көрсеткіші – 28,3%, теріс көзқараспен қарайтындар – 33,1%, бейтараптылық ұстанатындардың үлесі – 32,8%.

Бұл зерттеу Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары әзірлеген «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасында жарияланған. Зерттеуде Қазақстанның 17 өңірі және 1200 адам қамтылған.

Орташа алғанда барлық жастағы адамдардың шамамен 25%-ы оң пікірде болса және 30%-дан астамы азаматтық некеде тұруға бейтарап қарайды, яғни қазақстандық қоғамда әрбір бесінші неке тіркелмеуі мүмкін.

«Сауалнамаға қатысқан 29-60 жас аралығындағы тұрғындар азаматтық некені оң қабылдайды. Зейнеткер немесе зейнеткерлік жастағы ересек ұрпақ отбасына қатысты дәстүрлі көзқарастарға ие. Бұл ұрпақ АХАЖ немесе АХАТ органдарында тіркелген мәртебесі бар отбасын қабылдаумен сипатталады, бұл ресми неке деп аталады. Әдетте, аға буын өкілдері дәстүрлі отбасылық құндылықтарға – ер мен әйел арасындағы неке, эндогамдық топтан серіктес таңдау, патриархалдық бағыттағы толық отбасына бағытталған. Бұл контексте азаматтық некеге қатысты көзқарастардың өзгеруі жасынан басқа, білім беру, географиялық орналасуы, этностық және т.б. сияқты факторларға байланысты болуы мүмкін. Сауалнама нәтижесі бойынша қазақтардың азаматтық некеге жағымсыз көзқарасы орыстарға қарағанда екі есе, басқа этностық топтарға қарағанда төрт есе жоғары», - деп жазылған «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға