Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдерге арналған жолаушылар вагонына сұраныс жоғары

Қазақстанда әйелдерге арналған жолаушылар вагонына сұраныс жоғары
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ 22.11.2023 11:13 410

2023 жылдың 10 айында 130 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонында» жол жүруді таңдады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салыстырып айтқанда, өткен жылы әйелдер вагондарында 114 мыңнан астам адам жол жүрген. 2021 жылдың 3 айында еліміздің әдемі жартысының неғұрлым жайлы және қауіпсіз сапарын қамтамасыз ету үшін қызмет енгізілген сәттен бастап 13 мыңнан астам жолаушы «әйелдер вагонында» сапарлаған.

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында қатынап жүр:

- №77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны;

- №351/352 «Алматы – Өскемен» №10 купе вагоны.

- №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны;

- №37/38 «Маңғыстау – Семей» №06 купе вагоны;

- №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны;

- №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1» №06 купе вагоны;

- №4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;

- №71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

«Әйелдер вагонында» жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне жол беріледі.

Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар арасында «әйелдер вагоның» енгізу қажеттілігі туралы онлайн сауалнама жүргізгеннен кейін ғана қызметті іске асырды. Сауалға жауап қатқандардың көпшілігі, атап айтқанда 82% қолдап, 13% теріс және 5% бейтарап жауап берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға