Жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерін дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда ауыл мектептерін дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 21.05.2023 11:51 770

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу өңіріне жұмыс сапары аясында айтты, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.  

Мемлекет басшысы ауылдардың білім деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлуде. Ауыл мектептерін дамыту, заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықтау, ауыл мұғалімдерінің құзыреттілігін арттыру бағытында бірқатар шаралар атқарылуда”, – деді Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Білімді ұрпақ – білімді ел» атты оқу-әдістемелік конференциясы өтіп, онда «Білімді дамыту» бағдарламасы аясында еліміздің 17 облысындағы 63 іргелі мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту және жабдықтау жобалары ұсынылған болатын. Ауылдық жерлердегі негізгі мектептердің әлеуетін арттыру. Барлығы 27 моноқала мен 164 аудандағы 191 мектепті қамту жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Сонымен қатар, министрлік ауыл оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасын өткізу жоспарын әзірлеуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға