Жаңалықтар

Қазақстанда ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендейді

Қазақстанда ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендейді
Фото: © Pixabay.com 10.04.2024 16:02 3776

"Қазгидромет" РМК 11-13 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр к үтіледі, 11-12 сәуірде еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі.

Ел аумағының көп бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды. Тек еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы 1-13 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға