Жаңалықтар

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
Фото: t.me/qazavtojol 29.03.2024 00:17 321

«ҚазАвтоЖол» республикалық жолдардағы қозғалыстың шектелуі туралы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:30 шамасында еріген судың көп мөлшерінен және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық авто жолының 707 шақырымынан 941 шақырымына (Аягөз қаласынан Боғаз ауылына) дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

2024 жылғы 28 наурызда сағат 20:50 шамасында көпірге қарай жолдың ішінара бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» авто жолының 965 шақырымынан 1240 шақырымына дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Ақтөбе облысына көлік қозғалысының жабылуына байланысты Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» авто жолының 1240 шақырымынан 1357 шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).

2024 жылғы 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысында еріген судың шамадан тыс көп болуына және көліктің қауіпсіз қозғалысына қауіп төнуіне байланысты Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау авто жолының 147-шақырымнан 166-шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Алғабас ауылынан Ақмешітке дейінгі учаске).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға