Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» көрмесі ашылды

Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» көрмесі ашылды
Фото: ©El.kz/Дәурен МАҚСҰТХАНҰЛЫ 02.03.2023 15:00 3297

Мемлекеттік Орталық музейінде Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» атты торттар көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Торт музейі» торттар көрмесіне алматылық кондитер-дизайнерлердің эксклюзивті авторлық торттары қойылған. Арнайы «Торт музейі» көрмесіне қатысушы жергілікті шеберлер 40-тан астам түрлі дизайндағы әртүрлі өлшемді әрі пішінді торттар жасауға ниет білдіріпті.

Жобаның мақсаты – торт әлеміне толықтай ену, соған барша халықты ынтықтыру. Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық музейіне келушілер алматылық торттардың тарихы туралы қызықты мағлұматтар алып қана қоймай, тортпен байланысты қызықты интерактивті бағдарламаларға да қатыса алады.

Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» көрмесі ашылды

Сонымен қатар мұнда әрбір келуші үшін ойын аумағы, фотозона, арнайы танымды экскурция, дәм тату және шеберлік сыныптары ұйымдастырылуда.

Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» көрмесі ашылды

Шеберлік сыныпта «тәтті шеберлер» әрбір келушіге мастикпен сәндеп, өз шағын тортын жасауға және шоколад торттарын дәмдеу үшін жиі қолданылатын заттардың дәмін татып көруге де мүмкіндік береді.

Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» көрмесі ашылды

Торттар көрмесін 2023 жылдың 16 сәуірге дейін сағат 09:00-18:00 аралығында келіп тамашалауға болады.

Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» көрмесі ашылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға