Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет биатлоннан әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда алғаш рет биатлоннан әлем чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz 24.02.2023 15:36 1085

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

26 ақпанда жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының биатлоннан кубогі өтеді. Жеңімпаздар жасақталып, наурыз айында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

«Қазақстан биатлон тарихында алғаш рет жоғары деңгейдегі әлем чемпионаты өткелі тұр. 4-12 наурыз аралығында жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Бурабайдағы «Қысқы спорт түрлерінің олимпиадалық даярлау» орталығының шаңғы биатлон стадионында өтеді. Қазіргі таңда әлемнің 41 мемлекетінен 500-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда», - деді Самат Ерғалиев.

22 наурызда әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға