Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: El.kz 15.02.2023 15:41 583

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағында 16-18 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Кең ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне ықпал ететіндіктен, тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек батыс облыстар ғана батыстан шығысқа ауысатын циклонның ықпалында болады», - делінген хабарламада.

Фронтальды ағындардың әсерінен республиканың кейбір облысында қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

«16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ болып, таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман түседі. Республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде жел күшейіп, қарлы боран байқалады», - дейді синоптиктер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға