Жаңалықтар

Қазақстанда АЭС салу: Франция тәжірибесін бөлісуге дайын

Қазақстанда АЭС салу: Франция тәжірибесін бөлісуге дайын
Фото: ҚР СІМ 03.05.2023 10:56 677

Қазақстан мен Франция елімізде атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтары мәселелері жөніндегі Франция Республикасының делегат-министрі Оливье Бештпен кездесуінде айтылды.

Кездесу барысында министрлер өз үкіметтерінің энергетикалық ауысу және жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы міндеттемелерін қозғап, жаңартылатын энергия көздерін дамыту Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық қатынастарды нығайта отырып, көміртексіздендіру кешенді мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ министрлер осы ынтымақтастықтың негізін қалайтын «Мирный» жобасындағы (Мирный кентінде 1 ГВт ЖЭС салу жөніндегі жоба) соңғы ілгерілеулерді, атап айтқанда, 2023 жылғы 29 сәуірде ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «TotalEren» арасында қол жеткізілген келісімді құптады, - делінген ҚР СІМ таратқан мәліметте.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары талқыланды. Француз тарапы Қазақстанда бірінші АЭС салу жобасын іске асыру, сондай-ақ шағын модульдік реакторларды дамыту перспективаларын зерделеу бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауқымды «Мирный» жобасын іске асыру шеңберінде электр энергиясының тарифіне қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға