Жаңалықтар

Қазақстанда ABS және қауіпсіздік жастықшалары жоқ автокөліктер шығарылмайды

Қазақстанда ABS және қауіпсіздік жастықшалары жоқ автокөліктер шығарылмайды
Қазақстанда ABS және қауіпсіздік жастықшалары жоқ автокөліктер шығарылмайды
Фото: pixabay.com 17.11.2022 20:34 749

Қазақстанда ABS және қауіпсіздік жастықшалары жоқ автокөліктер шығарылмайды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ИИДМ мәлімдеді.

Үкіметтің «ҚР аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы ЕАЭО елдерімен ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі №45 «Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыруға байланысты қабылданды.

Осыған ұқсас қаулыларды ЕЭК-ке қатысушы елдер де қабылдағанын айта кету керек. Айталық, осы жылдың мамырында Ресей Федерациясында және шілдеде Беларусь Республикасында. Ал Армения және Қырғызстан Республикаларында автоөндіріс орындары жоқ.

Бұл орайда қауіпсіздік жастықшалары мен ABS, ESP жүйелері және төмендетілген экологиялық санатқа сай жүйелермен жабдықталмаған автокөліктер Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында айналымға шығарылып жүргені белгілі.

ЕЭК Кеңесінің шешімі заңды күшіне енген шақта ЕАЭО-ның мүшелігіне кіретін басқа елдерде шығарылған автомобильдер, машинаны құрастырған мемлекеттің аумағында ғана жүруіне рұқсат етіледі. Осыған байланысты аталған автокөліктерді Қазақстанның аумағына кіргізуге тыйым салынады.

Осы ретте қазақстандық өндірушілер «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің барлық талабына сай автомобильдер шығаруды жалғастыра беретін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға