Жаңалықтар

Қазақстанда 70 футбол алаңы жаңартылады

Қазақстанда 70 футбол алаңы жаңартылады
Фото: kff.kz 16.08.2023 13:29 932

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов халықаралық серіктестермен ортақтасып жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы айтып берді. Федерация президентінің сөзіне қарағанда, еліміздегі 70 футбол алаңы жаңартылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ФИФА мен УЕФА жүзеге асырып жатқан HatTrick және Forward бағдарламалары аясында біз Қазақстандағы 70 футбол алаңын жаңартуға қаржы бөлдік. Бұл бағдарламалар халықаралық ынтымақтастық ұлттық футболды дамытуға қалай өзгеріс әкелетінінің тамаша үлгісі. Стратегиямызды және Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, біз еліміздің өңірлеріндегі футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасын әзірледік, онда органикалық қиқым мен құм қосылған заманауи жасанды көгал орнату қарастырылған. Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Талдықорған және Ақтау қалалары бұл жобаны жүзеге асыруды бірінші болып қолға алмақ. Бірақ, ең бастысы, мұндағы мақсатымыз тек техникалық жөндеу ғана емес. Біз мұны жастар мен бұқаралық футболды одан әрі дамыту және насихаттау мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Бұл біздің Қазақстан футболының болашағына қосқан үлесіміз, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға