Жаңалықтар

Қазақстанда 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды

Қазақстанда 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды
Фото: © iStock 27.03.2023 11:43 528

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 23 қаңтардан бастап елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ІІМ баспасөз брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті.

«Өтініштер ХҚКО және электрондық сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Биылғы жылдың 23 қаңтары мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Оның ішінде 67 пайызы (46 592) Ресейден, 19 пайызы (13 424) - Армениядан, шамамен 10 пайызы (6 788) - Қырғызстаннан, 2 пайызы (1 296) – Грузия мемлекетінен», - деді ол.


Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін айтты.


«Аталған жоба жария талқылаудан өтті. Қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз. Заңдастыру жұмыстары жалғасуда», - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға