Жаңалықтар

Қазақстанда 25 республикалық трасса жабық тұр

Қазақстанда 25 республикалық трасса жабық тұр
Фото: pixabay.com 05.01.2023 20:45 780

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін 19:30-дағы соңғы мәліметті жариялады. Оған сәйкес республикалық маңыздағы 25 тасжол жабық тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Дәл қазір Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында автожолдар жабық.

644 арнайы техника мен 1100 жолшы құбылмалы ауа райы салдарын жоюда. Кей жерлерде қар қалыңдығы 50 см-ге дейін жетеді.

Ақмола облысында көлік қозғалысына енгізілген шектеу толығымен алынды.

Ауа райынан Шығыс Қазақстан, Жетісу және Қарағанды облыстарының республикалық маңызы бар жолдарында жағдай әлі де күрделі.

Мысалы, тек ШҚО өзінде республикалық трассалардың 15 учаскесі жабылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға