Жаңалықтар

Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ өндірілді

Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ өндірілді
Фото: © Pixabay.com 12.07.2023 17:46 714

Биылғы жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл 38,1% артық.

Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді. Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей(5,6 мың Т), Қырғызстан(2,1 мың Т) және Түркия (911,5 Т) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді, - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Оқи отырыңыз:

Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға