Жаңалықтар

Қазақстанда 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін - министр

Қазақстанда 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін - министр
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.04.2023 10:54 985

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда 17 ЖОО жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол, Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде,- деді ғылым және жоғары білім министрі.

Саясат Нұрбектің айтуынша, ЖОО талапқа сай және сапалы жұмыс істеуін арнайы комиссия тексеріп, шешім шығарады.

Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер беріп қойдық. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, біз ол оқу орнын жазалаймыз, - деді С.Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға