Жаңалықтар

Қазақстанда 13 перинаталдық орталық салынады

Қазақстанда 13 перинаталдық орталық салынады
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 01.06.2023 00:36 473

Елімізде 13 перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Министрліктің бастамасымен елімізде 13 перинаталдық орталық салу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 240 босандыру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 37 үшінші деңгейдегі перинаталдық орталық және 3 акушерлік республикалық орталық бар. Амбулаториялық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмекті ЖСМК құрамында 810 әйелдер консультациясы көрсетеді. Жүкті әйелдердің 99%-ы медицина қызметкерлерінің бақылауында, олардың 90% ерте бақылаумен қамтылған, - деді денсаулық сақтау вице-министрі.

Оның айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде 270 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 79 мың дәрігер, 190 мың орташа медицина қызметкері бар.

Қазақстандағы денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі балалардың денсаулығын қорғау болып табылады. Бүгінде, спикер атап өткендей, жүкті әйелдердің 82%-ы перинаталдық ультрадыбыстық скринингпен қамтылған. 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар ЮНИСЕФ балалар қорының ұсыныстарына сәйкес патронаждық бақылауда. Бұл ретте өмірінің алғашқы жылында балалардың 93%-ы патронажбен қамтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға