Жаңалықтар

Қазақстанда 122 жол учаскесі жабық тұр

ТЖМ таңғы 6.00-дегі жолдардағы өзекті ақпаратты ұсынды
Қазақстанда 122 жол учаскесі жабық тұр
Фото: 24.kz 10.01.2023 09:22 850

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынған.

Өңірлердің ішінде әзірге Қарағанды обл ысында ғана жолда автокөлік жиналған. Дәл қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұр.

Ағымдағы тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялады.

Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға