Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа тәртібі басталды

 El.kz
Фото: El.kz

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны кезең-кезеңімен басталды. Енді ата-аналар өтінішті онлайн форматта ыңғайлы әрі жылдам жолдай алады. Жаңа жүйе білім беру қызметтерін цифрландыруға бағытталған.

Өтініш беру қызметі  eGov.kz порталы мен  eGov mobile қосымшасы арқылы қолжетімді. Сонымен қатар ата-аналар арнайы  oqu.edu.kz платформасы арқылы авторизациядан өтіп, құжат тапсыра алады. Жүйеге кіру eGov немесе eGov mobile көмегімен жүзеге асады.

Биыл бірінші сыныпқа 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толған балалар қабылданады. Сондай-ақ күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балаларды да ата-анасының өтініші негізінде мектепке беру мүмкіндігі қарастырылған.

Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Алайда өңірлер бойынша басталу мерзімі әртүрлі.

Қай өңірде қабылдау қашан басталады?

27 мамыр – 31 тамыз аралығы:

  • Астана
  • Абай облысы
  • Жетісу облысы
  • Қызылорда облысы
  • Батыс Қазақстан облысы

10 маусым – 31 тамыз аралығы:

  • Алматы
  • Ақмола облысы
  • Ақтөбе облысы
  • Жамбыл облысы
  • Шығыс Қазақстан облысы

18 маусым – 31 тамыз аралығы:

  • Алматы облысы
  • Қостанай облысы
  • Павлодар облысы
  • Атырау облысы
  • Шымкент

29 маусым – 31 тамыз аралығы:

  • Түркістан облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Қарағанды облысы
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Ұлытау облысы

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе ата-аналардың уақытын үнемдеп, мектепке қабылдау үдерісін ашық әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Онлайн формат құжат тапсыру кезіндегі кезектерді азайтып, қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз