Қазақстан ЖИ қолдану бойынша ТМД елдерінен оқ бойы озып тұр

 Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Соңғы үш жылда жасанды интеллект бұрынғы радио, интернет, смартфон және энергетика сияқты технологиялардан да жылдам дамып, кең таралған құралға айналды. Бүгінде әлемдегі еңбекке қабілетті ересек тұрғындардың 30%-дан астамы күн сайын нейрожелілер мен әртүрлі ІІ сервистерін пайдаланады. Бұл үрдіс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Елдегі ересек халықтың 12,7%-ы ІІ құралдарын меңгеріп, оларды жұмыста да, тұрмыста да белсенді қолданады. Мұндай деректер Microsoft компаниясының жыл сайынғы есебінде келтірілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Зерттеу авторлары әр мемлекетті бірнеше бағыт бойынша салыстырған: ІІ технологияларын жасауға қабілеттілік, инфрақұрылымның дамуы және жасанды интеллектінің күнделікті өмірге енгізілу деңгейі. Сондай-ақ халықтың ІІ-ді қаншалықты меңгергенін көрсететін жеке рейтинг ұсынылған.

Күнделікті қолдану көрсеткіші бойынша Қазақстан 71-орында. Ал, бізден жоғары тұрған елдер тізімі мынадай:

  • Литва 41-орын (ІІ-ді 21% тұрғын пайдаланады),
  • Грузия 53-орын (17,3%),
  • Молдова 58-орын (16,6%),
  • Әзербайжан 64-орын (14,2%).

Қазақстаннан кейінгі орындарда:

  • Украина 93-орын (9,1%),
  • Ресей, Беларусь, Қырғызстан 117-119-орындар (7,6%),
  • Армения 138-орын (7,6%),
  • Өзбекстан 143-орын (5,7%),
  • Тәжікстан 145-орын (5,1%),
  • Түрікменстан 146-орын (5,1%).

Жасанды интеллектіні ең белсенді қолданатын елдер тізімінің көшбасында:

  1. БАӘ 59,4%,
  2. Сингапур 58,6%,
  3. Норвегия 45,3%.

Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ирландия, Франция, Испания, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Нидерланды және Катар кірді.

Әлемдегі ІІ инфрақұрылымының жартысынан көбі АҚШ-та орналасқанына қарамастан, оны күнделікті қолданатын америкалықтардың үлесі – 26,3% (23-орын). Қытай бұл бағытта 61-орынды иеленген (15,4%).

Соңғы орынға Камбоджа тұрақтаған, онда ІІ құралдарын меңгерген ересек тұрғындар небәрі 4,6%.

Айта кетейік бұған дейін ЖИ-дың ел экономикасына тигізер пайдасы жөнінде жазған едік.

Оқи отырыңыз