Жаңалықтар

Қазақстан ЖЭО-дан бас тарта ма: Азаматхан Әміртаев көрерменге жауап берді

Қазақстан ЖЭО-дан бас тарта ма: Азаматхан Әміртаев көрерменге жауап берді
Фото: El.kz 16.03.2023 21:55 945

Теледебатта Жезқазған қаласының тұрғыны Ансарбек Мұртаза Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевқа өз сауалын жолдады, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

«Байтақ партиясы билік басына келсе, экологияға қатысты бірқатар мәселелер шешімін табады дейсіздер. Сонда еліміздің экономикасы жайына қала ма? Сонда Қазақстан ЖЭО-дан дәл қазір бас тартуға қауқарлы ма?», - деп әлеуметтік желі арқылы сұрақ қойды.

«Біз әрдайым қоршаған ортаны қорғаймыз және жасыл экономиканы дамытамыз деп айтамыз. Біз тұрақты дамуды қамтамасыз етуіміз керек. Тұрақты дамуда экономика мен экология бірге жүре алмайды. Экономика саласында ақша бар, ал экологияда жоқ. Осылайша, қоршаған орта жайына қалады. Сондықтан біз партия ретінде қоршаған ортаны қорғауды бірінші орынға қоямыз. Монополистер өзінің партияларын ашып жатыр, тіпті екінші партиясын қосып жатыр. Олар кәсіпкерлік бизнес дегенді мүлдем түсінбейді. ЖЭО келетін болса, 2013 жылы бір алигарх газ ЖЭО құрылысының тендерін жеңіп алды. Дегенмен, әлі күнге дейін жұмыс жасалмады, газификация жұмыстары жүргізілмей отыр. Қызылордадан газ тартамыз деді, дұрыс жоба болмады. Алигархтар кәсіпкерміз деп барлық істі кері жасап жатыр. Бұл дұрыс емес. Сондай-ақ, Алматы ЖЭО фильтр қойылмай отыр. Ауаны ластап, тұрғындарға зиянын тигізуде. Сондықтан өңірлерде мини ЖЭО ашу керек. Ол бәріміз үшін өте тиімді болатыны айқын», - деді Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға