Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейінгі индексте Қазақстан 117 мемлекет арасынан 66 орынға орналасқан еді.
Біздің еліміз мына санаттар бойынша ең жоғары баға алды: бағалық бәсекеге қабілеттілік (2 орын), туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5), денсаулық сақтау және гигиена (23), табиғи (30) және мәдени ресурстар (48), сондай-ақ адами капитал мен еңбек нарығы (43) және туристік инфрақұрылым мен сервис (47).
Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие мемлекет болды.
Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты
Оқи отырыңыз
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді