Жаңалықтар

Қазақстан заңгерлер одағы сайлау кезіндегі заңды сақтау туралы жиын өткізді

Қазақстан заңгерлер одағы сайлау кезіндегі заңды сақтау туралы жиын өткізді
Фото: El.kz 24.02.2023 11:22 722

«Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде «Адал сайлау үшін» штабы мүшелерінің брифингі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агеттігі.

Спикер Жанар Бұқанова сайлау сауалнамаларын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, әлеуметтік сауалнамаларды өткізудегі заңнамалық жаңалықтарды түсіндірді.Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына мандаттар үшін сайлау жарысына қатысуды реттейтін нормаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

«Конституциялық реформаның кезінде заңға бірнеше өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес сайлауалды әлеуметтік сауалнаманы кездейсоқ ұйымдар, азаматтар жүргізе алмайды. Оны өткізбес бұрын қай жерде, қандай сұрақтар қойылатыны жайлы тиісті ақпараттар берілуі тиіс», - деді «Адал сайлау үшін» штабының өкілі Думан Жампейісов.

Спикерлер БАҚ және онлайн-платформалар арқылы үгіт жүргізу шарттарын бұзғаны, анонимді үгіт материалдарын дайындағаны немесе таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар спикерлер кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқаны, олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы айтып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға