Жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы израильдік клубқа ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы израильдік клубқа ауысты
Фото: instagram.com/hbsfc 07.02.2024 10:34 675

Алматылық «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Артур Шушеначев израильдік «Хапоэль» Беэр-Шева командасының ойыншысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Артур «Қайрат» командасының жейдесінде 128 матч өткізіп, 45 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.

«Қайрат» ФК-ның үлкен ұжымы Артурға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабында толағай табыс тілейді!, – делінген алматылық клубтың Instagram-дағы жазбасында.

 Артур Шушеначев «Хапоэль» Беэр-Шевамен үш жарым маусымға келісімшартқа отырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға