Жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамасы Түрікменстанды жеңді

Қазақстан ұлттық құрамасы Түрікменстанды жеңді
Фото: ҚФФ 14.03.2024 22:33 524

Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан мен Түрікменстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық ойын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жабық түрде өткен бақылау ойыны Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. 

Ойынның 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есептті ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті және ойынның хаттамасы мен шолуы болмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға