«Қазақстан халқына» ҚҚ 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі.
Өтініш берушілерді таңдау критерийлері:
✔ ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;
✔ жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
✔ мүгедектігі бар;
✔ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
✔ 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
✔ 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.
Толық ақпарат qazaqstanhalqyna.kz сайтында.
Қазақстан түлектеріне қосымша 850 білім гранты бөлінді
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі