Жаңалықтар

Қазақстан теннисшілері Үндістандағы турнирдің жартылай финалына өтті

Бұл туралы ҚТФ мәлім етті
Қазақстан теннисшілері Үндістандағы турнирдің жартылай финалына өтті
Фото: ktf.kz 27.01.2023 19:49 993

Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық жұп ширек финалда доданың 4-ракеткалары, өзбекстандық Нигина Абдураимова – тайбэйлік Ен-Шу Лангпен шеберлік байқасты.

Өзбекстандық-тайбэйлік дуэт бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Алайда екінші сетте 1:2 есебімен ұтылып жатқан сәтте матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Құламбаева мен Айнитдинова жартылай финалға жолдама алды. Олардың келесі қарсыластары кейін анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға