Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» төменгі орындар бағасына жеңілдік енгізбейтін болды

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының ресми сайтында жарияланды
«Қазақстан темір жолы» төменгі орындар бағасына жеңілдік енгізбейтін болды
Фото: pixabay.com 28.10.2022 09:12 1556

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ пойыз билеттеріне сараланған тариф енгізу жобасынан бас тартты, деп хабарлайды El.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5 коммерциялық пойызға жоғарғы және төменгі орындар үшін жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырмайтын болды», - делінген «Қазақстан темір жолы» компаниясының сайтында.

Пилоттық жоба 2023 жылғы 28 ақпанға дейін сынақтан өткізілуі тиіс болған. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайтыны жоспарланды.

«Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», - деген еді ҚТЖ-дан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға