Жаңалықтар

Қазақстан татулық пен достықтың киелі бесігі

Қазақстан татулық пен достықтың киелі бесігі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.05.2023 13:16 1110

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Елде өткізілген халық санағының соңғы мәліметіне сүйенсек,  130 ұлт өкілі өмір сүреді екен. Оның ішінде қазақтардың саны 70,4%, орыс ұлтының өкілдері 15,5%, жалпы славян ұлтының азаматтары 19,5% құрап отыр.

Осы факторды негізге ала отырып Қазақ билігі толерантты, бірлік пен берекені насихаттайтын саясатты ұстанып отыр. Ресейлік блогер Михаил Будвинский өзінің ютуб каналында жүргізген қазақтардың ресейліктерге деген көзқарасын анықтау мақсатында көшедегі кездейсоқ адамдардын сұқбат алады.

Алайда жауап берген тұрғындар ресейліктердің тарихымыз еншілес көршілес екенімізді, бір саяси жүйеде тәрбиеленген бауырларымыз екенін алға тартқан. Мұндай қонақжайлылық пен жылы көзқарасқа тәнті болған Михайл Будвинский Қазақстанда русофобиялық көзқарастың жоқ екендігін мәлімдеген болаты. Елімізде көпұлттардың береке бірлігін арттыру үшін Қазақстан Халқының Ассамблеясы құрылды, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатыныс тілі ретінде Ата заңға ресми түрде енгізілді.

Ел аумағында көптеген орыс, өзбек, ұйғыр тіліндегі ұлттық және аралас мектептер бар. Сонымен қатар 50 мың мүшесі, ел аумағында 24 бөлімшесі бар  «Лад» республикалық славян қозғалысы», «Русская община Казахстана» қоғамдық бірлестігі, «Славян мәдениет орталығы», «Орыс мектептерінің мұғалімдері Ассоциациясы», «Қазақстан орыстары мен славяндар Ассоциациясы» сынды қоғамдық ұйымдар еш кедергісіз жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар әр ұлттың діни еркіндігі заңмен қорғалған.

Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 130 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық  діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.

Мақаламызды толықтыра түсу үшін қоғамға танымал азаматтардың русофоия тақырыбына арналған пікірлерін сұрап білдік. 

Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасын 7598 шақырымды құрайтын әлемдегі ең ұзын шекара бөліп отыр. Қазақта «көршіңмен тату бол» деген ұғым бар. Әлем картасында Ресей, Қазақстан атты көршілес елдер тұрғанда қандай да саси оқиға орын алса да екі елдің өзара қарым-қатынасы бұзылмайды. Мен көп жжыл бойы сәулет, құрылыс саласында еңбек еттім. Өзбекстанның көптеген қалалары мен Астанамыздағы бірнеше көрікті ғимараттарының жобасын жасадым. Әр жобамды халықтар достығы, ұлттар бірлігі деген ұғымды басшылыққа алдым. Біздің Елтаңбамыздағы ортақ шаңырағымыз бен әрбір уықтары ол еліміздегі көпұлттар. Баршамыз бірлесе отырып Қазақстан атты биік шаңырағымызды шайқалтпай, береке бірлікте ұстап, дамыған елдер қатарына қосу үшін еңбек етуіміз керек. Өскелең ұрпаққа да осыны насихаттауымыз қажет. Біздің Астанамыздың әрбір ғимараты достық пен бірлікке, әр ұлттың ерекшелігіне негізделген. Мемлекеттік архитектураның негізін қалаушылардың басты мақсаты ұлттар мен ұлыстардың достығын нығайту. Тыныштық пен бейбітшілік тұрақтылықтың негізі екенін баса айту керек, - дейді Елтаңба авторы, профессор, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы.

Ал тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Шыңғыс хан Академиясының» академигі Сартқожаұлы Қаржаубай да қазақстанның ұлттар арасында достықты нығайтуға арналған көпвекторлы саясатын қолдайтынын айтты.

Мен Монғол мемлекетінде туып өстім. Бізді «қазақсың» деп ешкім бөлген жоқ. Ел қатарлы білім алып, Монғолияның беделді университетін бітірдім. Ленинградтың Шығыстану институтын оқыдық. Достарымыздың көбі тарих саласына еңбек сіңірген мықты азаматтар болды. Өмірімнің біраз жылын саяси мемлекеттік лауазымдарды атқардым. Монғолия Парламентінің депутаты, Баян-Өлгей аймақтық мәслихатының төрағасы сынды қызметтермен қатар ғылыми жұмыстармен айналыстым. Жалпы алғанда, ұлттардың бір-біріне деген өктемдігі, үстемдігі ешқандай жақсылыққа апармайды. Әр ұлттың ішінде тұрақтылық пен бейбітшілікке сына қаққысы келетіндер баршылық. Ғылыми жұмыстарымның кезінде орыстың белгілі ғалымдарымен таныс, тамыр болдық. Бір ұлттың ұлы тарихын зерттеу саласында жүргендіктен ғылым саласындағы көзқарасымыз әртүрлі болсақ та, достық қарым-қатынасымыз әлі күнге дейін жалғасып келеді. Отыз жыл бойы көпұлтты мемлекет ретінде биліктің ұстанып отырған саясаты өөз жемісін беріп келеді. Сондықтан да қазақстанның ұлттар арасында достықты нығайтуға арналған  көпвекторлы саясатын қолдаймын. Бізге және біздің болашағымыз үшін тыныш, тұрақты, дамыған Қазақстан керек. Ал оны біз бос сөзбен емес, замануи білім алу арқылы, жаңа өнеркәсіптің түрлерін тауып, кәсіпкерлікті дамытып, ауылшаруашылығы мен ғылымды өркендету арқылы ғана қол жеткізе аламыз, - деді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева «Закон.кз» ақпарат агенттігіне берген сұқбатында «Мен Мәжіліс депутаты ретінде өңірлерде іссапармен көп жүремін. Тұрғындармен кездесем, әңгімелесем. Содан түйгенім біздің еліміз үшін русофобия ұғымы жат. Біз көпұлтты елде тұрамыз. Қазақ халқы негізгі ұлт саналса біз этностар ретінде иық тіресіп, береке мен бірлікте өмір сүріп келеміз. Ал Қазақстанда туып өскен өзге ұлттар үшін қазақтың салт дәстүрі сіңісіп кеткен. Мысалы: Наурыз мейрамында қазақ киімін киіп, достарымызды аралап, үйімізде ет асуды дәстүрге айналдрған отбасылар жеткілікті. Орыс тіліне келер болсақ, ұлтаралық қатынас тілі ретінде оған төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Еліміздегі кез-келген ұлт өкілдері орыс тілін жетік меңгерген. Өкінішке орай, өзге ұлттардың қазақ тілін меңгеруі өте баяу жүргізіліп келеді. Біз осы бағытта да ұтымдырақ жұмыс жасауымыз керек» деген екен.

Сенатор Геннадий Шиповских «Закон.кз» тілшілеріне берген сұқбатында «Қазақстанда русофобиялық көзқарас жоқ. Ондай провокаторлар шетелде отырып алып, әлеуметтік желі арқылы ұлттар арасындағы достыққа сына қаққысы келеді. Біздің халқымыздың берекесі жарасқан, ынтымағы зор ел. Бұл мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы да көп жұмыс жасауда. Мұндай ұйым әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ». Менің достарым мен таныстарымның арасында қазақ мәдениеті мен әдебиетін, тарихын зерттеумен айналысатындар баршылық. Қазақстанның көпэтностарды бірлікте ұстаудағы жүргізіп жатқан мемлекеттік саясаты көптеген елдерге үлгі болуда. Біздің еліміз де, халқымызда керемет. Сондықтан да Қазақстанда ешқашан да ұлтаралық қатынасты бұзатындай әрекеттер болмайды. Оған жол берілмейді» деді.

Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем  болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт ұйытқы және оның айналасында біріктіруші ұлттар дəрежесінде біріктіру саясатын ұстанған.

Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған. [Қазақстан Республикасының Конституциясы -Астана: Елорда. 2008 жыл 1, 8-бет].

Әлбетте, ортақ мүддеміз бен кемел келешегіміз үшін, ұрпағымыздың ұлтаралық және дінаралық келісім жарасқан, дамыған елоде өмір сүруі үшін «Жаңа Қазақстанды» бірлесе құруымыз қажет. «Қазақстан -татулық достықтың киелі бесігі» дегендей, ұлттар мен ұлыстардың, адамдар мен адамдар арасындағы рухани үндестік ғана кез-келген ұлттың ұзақ сақталуын қалыптастырады. Әлем жараталығалы бері сан мыңдаған ұлттар мен ұлыстар пайда болып, жоғалып жатты. Бұл үрдіс ғасырдан ғасырға көшкен кезде белгілі болмақ. Кезінде әлемді дүр сілкіндерген ұлы империяларда жоғалып кеткен. Ендеше «Мәңгілік ел» ретінде сақталып қалудың негізгі шарты бірлік. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп дана бабамыз тегін айтпаған. Біз мемлекет құраушы ұлт ретінде өскелең ұрпақтың санасына өзіміздің ұлттық салт-дәсиүріміз бен мәдениетімізді, тарихымызды, тілімізді насихаттай отырып, өзге ұлттардың да тарихы мен мәдениетін, тілін сақтап қалуына мүмкіндік ждасауымыз керек. Ырысы тасып, ынтымағы жарасқан елді ешкім ала алмайды. Даралық пен данышпандықтың бір шегі –сабырлылық. Сабырлылық тұрақтылыққа әкеледі. Бір шаңырақта өмір сүріп отырған ел ретінде құрмет, қадір сөздерін үнеміз негізгі принипімізге айналдыруымыз керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға