Жаңалықтар

Қазақстан тарихында әуе рейстері рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстан тарихында әуе рейстері рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.05.2024 14:35 358

Тәуелсіз Қазақстан тарихында әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен жылы «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандарымен еліміздің әуе кеңістігінде 415 мыңнан астам ұшып-қону бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетілді. Оның ішінде, 107 мыңға жуығы отандық әуе компанияларымен, ал 308 мыңы шетелдік әуе компанияларымен жүзеге асырылған рейстер. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам аэронавигациялық қызмет көрсетілген. Оның ішінде, отандық әуе компанияларымен жасалған 25 мың рейс пен шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырған 69 мың рейс.

ҚР Көлік министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК республиканың бүкіл аумағында әуе қозғалысын ұйымдастырумен айналысады (2,7 миллион шаршы шақырым). Бақыланатын әуе трассаларының жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға