Жаңалықтар

Қазақстан студенттері Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысады

Қазақстан студенттері Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысады
Фото: pixabay.com 12.01.2023 20:21 865

Қазақстан студенттер құрамасы АҚШ-та өтетін ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада өнер көрсетеді. Салтанатты ашылу рәсімі бүгін «Olympic Center» алаңында өтеді. Спорттық жарыс 2023 жылдың 22 қаңтарына дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

FISU Дүниежүзілік студенттік ойындар деп аталатын Универсиада Олимпиада ойындарынан кейінгі ең ірі дода саналады. Қысқы Универсиадаға әлемнің 50 елінен келген студенттер қатысады.

Қазақстан намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттер биатлон, сноу­борд, шаңғы, тау шаңғысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, коньки, шаңғымен трамплиннен секіру және шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға