Жаңалықтар

Қазақстан спортшысы Олимпиада Ойындарында үшінші рет бақ сынайды

Қазақстан спортшысы Олимпиада Ойындарында үшінші рет бақ сынайды
Фото: Olympic.kz 03.04.2024 04:43 335

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасының мүшесі Елена Потапенко әлем кубогі кезеңінде сынға түседі. Қазіргі таңда ол Литвада дайындық өткізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы Олимпиадада сынға түсуді жоспарлап отыр.

Потапенко өзінің үшінші Олимпиадасына дайындалуда. Спорты Азия ойындарында лицензия жеңіп алды. 

Бұл менің үшінші Олимпиадам, бірақ, әрдайым бірінші ойынға аттанардай қуанамын.  Қазіргі таңда Литвадағы оқу-жаттығу жиынындамын. Жақын арадағы әлем кубогі кезеңі 16 сәуірге жоспарланған. Жарыс Анкарада өтеді. Олимпиада қарсаңында Литвада жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Потапенко.

Айта кетелік, Елена Потапенко Риодағы (2016) және Токиодағы (2020)  Олимпиада ойындарында бақ сынады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға