Жаңалықтар

Қазақстан спортшылары тұңғыш әлем чемпионы атанды

Қазақстан спортшылары тұңғыш әлем чемпионы атанды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет 30.10.2023 16:31 1209

Қазақстан спортшылары тұңғыш әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада еліміздің бір топ спортшысы бірнеше елде халықаралық жарысқа қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Венгрияның астанасы – Будапештте WKF каратэден мәресіне жеткен әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) топ жарып, спорттың осы түрінен ересектер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы атанды. Сонымен қатар Қайсар Алпысбай (60 кг) әлем біріншілігінің – күміс, Дидар Әмірәлі қола жүлдесіне ие болды.

Сұлтан Әсетұлы Албанияның астанасы – Тиранада грек-рим күресінне өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионы болды. Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионаты атанған тұңғыш қазақ балуаны. Әйелдер күресінде Алтын Шағаева (53 кг) мен Ирина Кузнецова (62 кг) қола жүлдеге ие болды.

Канаданың Монреаль қаласында жалауы желбіреген шорт-тректен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының  спортшылары 5 000 метрге эстафета жарысында қола жүлдегер атанды. Ел құрамасынан жарыс жолына Әділ Ғалиахметов, Мерсайд Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов пен Денис Никиша шықты.

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында Қазақстан құрамасы армрестлингтен 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Камила Берліқаш Әбу-Дабидегі Grand Slam жарысында күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда португалиялық Рушель Нуньеспен күресті.

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өткен XV Азия чемпионатында мерген Диана Сабекова алтын медаль алды. Сондай-ақ скит бағдарламасында еліміздің әйелдер құрамасы – күміс, ерлер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға